«Жасыл ел» Бас штабы: «Президент Н.Назарбаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосамыз»

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Астанада «ҚазАқпарат» агенттігінің баспасөз орталығында журналистерге «Жасыл ел» жастардың еңбек және студенттік құрылыс жасағының жұмыс жоспары таныстырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елбасының биылғы халыққа Жолдауында жастарды әлеуметтік жұмыстарға тарту арқылы оларды 96 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ету тапсырмасы бар. Сол міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жолдауға сәйкес дайындық жасап, өз жұмыстарымыздың жоспарын дайындадық», - деді «Жасыл ел» Бас штабының басшысы Ескендір Салиходжаев.Бұл жоспар бойынша жергілікті әкімдіктерде үйлестіру кеңестері құрылмақ. Кеңес жасақ мүшелеріне қызмет орындарын тауып беруге, орналастыруға жәрдемдесіп отырады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 16 мыңнан астам студент «Жасыл ел» еңбек және студенттік құрылыс жасақтары қатарында жұмыс істеуге ниет білдірген. «Былтыр бұл кезеңде 8 мың студент өтініш білдірген еді. Биылғы жылдың ортасында 20 мыңнан астам студентті жұмыспен қамтамасыз етеміз деген мақсат бар», деді Е.Салиходэжаев.Бас штаб тиісті органдарға мемлекеттік тапсырыстармен салынатын құрылыстарға «Жасыл ел» жасақтарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау туралы ұсыныстарымен шығып отыр.