Акция мақсаты қоғам назарын аулалардың, кіреберістердің тазалығы мен санитарлық жай-күйіне, сонымен қатар халықты абаттандыру жұмыстарына тарту болып табылады. Шара барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және қала колледждерінің студенттері Янушкевич көшесі бойындағы №5 үйдің кіреберісін тазалап, балалар алаңдарын ретке келтірді.
Мұндай шараларды «Жасыл елдіктер» жергілікті әкімшілік органдармен бірлесіп еліміздің барлық қалаларындаөткізеді.