Жастар бастамаларын дамыту орталығы агенттікке мәлім еткендей, дүйсенбі күні сарбаздар Успен ауданына жол жүргелі тұр. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң облыстың шығармашылық топтарынан құралған «Ертіс жұлдыздары» атты үгіт-насихат жасағы ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламасын сыйламақ ниетте.
16:23, 10 Шілде 2016
«Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары Успен ауданының Жастар үйінде жөндеу жүргізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Успен ауданындағы Жастар үйінде биыл қайта жөндеу жұмысы өткізіледі. Ғимараттың жөндеуіне «Жасыл Ел»-дің «Жәрдем Тайм» жасағының сарбаздары кіріспекелі отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.