Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған заңсыздықты қалалық Табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлері анықтаған.
Басқармадан хабарлағандай, ағаштарды кесуге рұқсат берілмеген. ҚР ӘқК 386 бабы бойынша ЖШС-ға 30 АЕК, яғни 63 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мейрамхана басшылығы 10 наурызға дейін оталған ағаш орнында 60 жас шыбық отырғызуға міндеттелді.