Анықталғандай, оқиға 2016 жылдың 19 мамыры күні болған. Студенттер өздері тұратын жатақханадағы әжетхананы тазартуға қатысты келіспей қалған.
«Азамат А. қасақана пиғылмен К.-ның денсаулығына зиян келтіру мақсатта асүй пышағымен оған бірнеше рет пышақ сұққан. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен азамат А. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарланды соттан.