Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы әрі Қазақстан чемпионатының жүлдегері Тимур Алиханов байдарка мен каноэде есу спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Сұлтанбеков тарапынан өзіне күш қолданылғанын айтып, полицияға арызданғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқиға 7 маусым күні Түркістан қаласындағы ескек есу арнасында өткен байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты кезінде болған.
Бұған дейін Түркістанда басқарма басшысы қатысқан төбелестің видеосы тарағанын жазған едік.