«Жау жүрек мың бала» Канн фестивалінде сыннан сәтті өтті

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат -  Бүгін Каннда 65-ші мерейтойлық кинофестиваль өз мәресіне жетеді. Дәл осы күні «Золотая пальмовая ветвь» бас жүлдесін табыс етудің салтанатты шарасы өтеді.

Осы мәртебелі халықаралық байқау аясында сәтті көрсетілген қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмінің әлемдік прокатқа шығаратын агенті белгілі болды. Шетелдік сарапшылар осындай сапалы өнер туындысын түсірген қазақстандық кинематографтардың бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіншіліктері жеткілікті деген баға берді.