«Мен үшін ең басты құндылық - Қазақстанның тәуелсіздігі. Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да одан еш қаймықпаймын», - деді Мемлекет басшысы «Аманат» партиясының кезектен тыс съезінде.
ҚР Президенті бүгін партияның бағыт-бағдары айқындалғанын атап өтті.
«Енді білек сыбана жұмыс жасауымыз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Партия атына заты сай болуы тиіс. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру - бәрімізге ортақ міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.