Қардың түсуіне байланысты қалада көлік кептелісі 11 балдық көрсеткіштерге жетті. Ол туралы мәлімет 2GIS сервисіне шықты.
Қала көшелерінің басым бөлігі, әсіресе әл-Фараби, Абай, Сейфуллин, Райымбек, Назарбаев, Достық даңғылдары, Желтоқсан, Төле би көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қызыл түсті көрсетіп тұр.
Бұған дейін Алматы әкімдігі ауа райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтердің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін айтқан болатын.