Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 21 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте бұршақ жауады. Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда бұршақ жауады, Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.
Қарағандының оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.