Жауын-шашын түсіп, жел күшейеді: синоптиктер 10 қарашаға болжам жасады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Қазгидромет 10 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

"Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшейеді. Кейбір аймақтарда көктайғақ болып, тұман болады", - делінген синоптиктердің ескертуінде.