Жауын, бұршақ, жел – дүйсенбіге арналған ауа райы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 22 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауаағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райысақталады. Кей жерлерде найзағай және жаңбыр күтіледі, тек оңтүстік-батыстажәне оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республиканың кейжерлерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және орталықта дауылкүтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.

Ақмола, СолтүстікҚазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл,бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлеріндетұман күтіледі.

Қарағанды, күндізБатыс-Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай,бұршақ жауып, желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл,Қызылорда, кей жерлерде Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Ақтөбе, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар