«29 қыркүйекте Қара теңізі аймағындағы Солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын түседі (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз оңтүстік-шығыста нөсер жауады. Еліміздің кей жерлеріңде тұман күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді,оңтүстікте шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Солтүстік Қазақстан облысында екпіні 25 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде түнде минус 3 градусқа суытады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Карағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.