Жауын-шашын салдарынан екі облыста ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР ІІМ ТЖ комитеті Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ескерту жариялады.

«Алдағы тәулікте - 2 сәуір күні нөсерлі жауын-шашын салдарынан Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аласа таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суларының қалыптасуы, тау беткейлерінен судың ағуы күтіледі», - делінген хабарламада.