Жауын-шашын, тұман, көктайғақ – сенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні еліміздің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады, тек еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде циклон және атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал», делінген хабарламада.

Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін,

Павлодар, күндіз Қостанайда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ.