«Жаңбырдың салдарынан кейбір көшелер мен үйлерді су басу қауіпі туындап отыр. Елорда тұрғындары үйлердің аумағына су жайылған жағдайда аудан әкімдіктерінде жұмыс істейтін диспетчерлік қызметтерге хабарласа алады»,-деп атап өтілген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осы орайда «Сарыарқа» ауданының әкімдігінде жеке тұрғын үй секторын су басу жағдайлары бойынша өтінімдер қабылдау үшін аудандық су тасқынына қарсы комиссияның тікелей желісі тәулік бойы жұмыс істейді: 48-43-92, 7 (771) 996-35-73.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратына қоңырау шалуға болады: 7 (701) 226-02-09, 7 (701) 177-59-99.
Мұнымен қоса, «Алматы» ауданының диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді: 48-43-37, 7 (771) 996-35-72. Төтенше жағдайлар бойынша 49-67-90 номеріне хабарласуға болады.
Бұдан бөлек, «Есіл» ауданында тұрғын үйлерді су басқан жағдайда су тасқынына қарсы комиссияның диспетчерлік қызметіне де байланысқа шығу мүмкінді бар: 48-43-26, 7 (771) 996-35-72. Сондай-ақ 57-45-31 (қабылдау бөлімі), 7 (701) 712-90-54 номерлерінде телефон қоңыраулары қабылданады.
Есіл ауданындағы тұрғын алабтарының тұрғындары мына телефондарға хабарласа алады: Үркер т.а. 78-06-80;
Ильинка т.а. 8701-355-57-88; Пригородный, Заречный, Тельмана т.а.: 57-45-55 (қабылдау), 7 (778) 176-31-11;
Синоптиктердің болжамынша, 16 сәуірде елордада күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 8... 10°С, күндіз 10... 12°С.
Дүйсенбі күні, 17 сәуірде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0... 2°С, күндіз 10... 12°С.