Ұланбатырдағы «АСА» циркінде Ресей, Қазақстан, Моңғолия және Тува Республикасының спортшылары күш сынасатын «Mongol Fighting Championship» халықаралық турнирі өтеді.
Жұртшылықтың назары 66 келі салмақ дәрежесіндегі Әли Қабдолла мен Баттөр Батбаатардың айқасында болмақ.
Айта кетерлігі, Әли Қабдолла Қазақстанның жауынгерлік самбодан екі мәрте чемпионы, кәсіпқой рингте екі мәрте қарсыласын жеңген, Баттөр Батбаатар 5 жекпе-жек өткізіп, соның төртеуін уақытынан бұрын жеңіспен аяқтаған.