«Жаужүрек мың бала» фильміне 30-ға тарта әлемдік прокатшы қызығушылық танытты

АСТАНА. 26 сәуiр. ҚазАқпарат - Режиссер Ақан Сатаевтың тарихи экшні «Жаужурек мың бала» кинонарығындағы 65-ші Канн фестиваліне дейін 30-дан астам халықаралық дистрибьюторлардың қызығушылығын туғызып отыр.

Бұл туралы фильмді көрсетуге арналған баспасөз мәслихатында «Қазақфильм» АҚ  директоры Ермек Аманшаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz агенттігінің тілшісі.

«Канн фестивалі кинонарығы аясында «Жаужурек мың бала» фильмінің коммерциялық көрсетілімі 17 мамырда өтеді. Содан кейін әлемнің ең ірі прокатшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Көрсетілімге дейін фильмге әлемнің 30-ға тарта дистрибьюторлары  қызығушылық танытып үлгерді», деп хабарлайды Е.Аманшаев.

Канн фестивалі кинонарығының мақсаты  - әлем бойынша көрсетілетін прокаттар үшін коммерциялық әлеуеті жоғары картиналарды іріктеп алу болып табылады.

«Фильм Қазақстан бойынша кең прокатқа 3 мамыр күні шығады. Ұзақ жылдардан бері алғаш рет біз қазақ және орыс тілдерінде осындай ауқымды көлемде картина көшірмесін шығарып отырмыз», - деп түйіндеді сөзін Е Аманшаев мырза.