«Жаужүрек полк» акциясына ержүрек панфиловшылар, Кеңес одағының батырлары да сап түзеді, акцияға 1,5 мың павлордарлық қатысты. Олар өздерінің майданға қатысқан аталарының, туған-туыстарының суреттерін көтеріп жүрді.
Шара «Бейбітшілік жаршылары» атты флешмобқа ұласты, әуеге мыңдаған түрлі түсті шарлар жіберілді.
Бұдан кейін жиналған қауым алдында облыстағы өнерпаз ұжымдар концерт қойды.