Телеарнаның мәліметінше, малдың жаппай қырылуы туралы ақпарат өткен аптаның соңында келген. Жергілікті билік оқиға орнына полиция тобын жіберген. Дүйсенбіге қарай полицейлер жануарлардың жай түсіп, өлгендіктерін растады.
Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл осы елде соңғы жылда найзағай соғуы салдарынан қырылған малдың ең көп саны болып табылады.