деп хабарлады РБК қалалық биліктің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Шенеуніктердің айтуы бойынша, найзағай салдарынан мүсіннің оң қолының басбармағы сынып кеткен. Өткен айда болған жауын-шашында оң қолдың ортаңғы саусағында жарық пайда болған еді. Қалалық билік алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Қалпына келтіру жұмыстарын бастау уақыты мен қаржы мәселесі әзірше нақтыланбаған.
2010 жылы 4 млн. долларға мүсінге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Христостың беті мен қолындағы мүжілген тұстар жаңартылған.
Бұл мүсін 1931 жылы тұрғызылған. Оған 9 жыл уақыт кеткен еді. Оның керек-жарақтары Францияда дайындалған. Нәтижесінде мүсін темір бетоннан жасалды. Монументтің биіктігі - 38 м, қолы - 28 м, салмағы - 1 145 тонна.
Ол Рио-де-Жанейрода Корковаду тауының шыңында орналасқан. Бразилияда ең танымал нышандардың біріне жатады. 2007 жылы Христостың мүсіні әлемнің жеті кереметінің тізіміне енгізілді.