Жай түсіп, сот ғимараты өртке оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Харьков аппеляциялық әкімшілік сотының ғимаратына жай түсіп, отқа оранды, деп хабарлайды «Интерфакс-Украина».

Бұл жайлы Харьков облысы ТЖМҚ басшылығы мәлім етті. Қызметкерлердің алдын ала берген ақпаратына қарағанда, найзағай өртке себеп болған.

Украинаның төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің сайтында айтылғандай, жалын 1,8 мың шаршы метрді шарпыды.

Өрт салдарынан шатыр мен шатырдың асты жанып кеткен. Мекеме ақпаратынша, зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 39 техника мен 133 құтқарушы жұмылдырылған. Оқиға орнында Украинаның Харьков облыстық Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі жұмыс жасап жатыр.