Жай түсіп, үй өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Роза Люксембург атындағы көшеде оқыс оқиға болды. Тұрғын үйге жай түсіп, артынша ол отқа оранды. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді қамтыды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бұрын ТЖМ мәскеуліктерге ауа райының күрт нашарлайтындығын хабарлаған болатын.

Астаналық аймаққа аса күшті найзағайлы бұлт жақындап келеді.