Есірткіге еліккен күйде Honda Accord көлігін басқарған 26 жастағы Рохас бейсенбі күні таңертең жоғары жылдамдықта жүйіткіп келе жатып, Таймс-сквер алаңының тротуарына шығып кетті . Оқиға салдарынан 22 адам жарақат алды, 18 жастағы қыз сол орында көз жұмды.
АР мәліметінше, сот отырысында судья Рохастан өз кінәсын мойындайтынын, не мойындамайтынын сұраған жоқ. Отырыс барысында прокуратура қызметкерлері атап өткендей, Рохас ұсталғаннан кейін адамдардың барлығын өлтіргісі келгенін және полицейлер оны атып өлтіргенін қалайтынын айтқан.
Сотқа ұсынылған құжаттарға сәйкес, Рохас 2011 жылы АҚШ-тың Әскери теңіз күштерінде қызметтен өткен, ал 2013 жылы Оңтүстік Королинадағы түрмеде екі ай отырған. Оған сол кезде қандай айыптар тағылғандығы жазылмаған. Әскери трибуналдың шешімімен ол 2014 жылы әскери қызметтен босатылды.
Нью-Йорктегі іс бойынша келесі сот отырысы келесі аптада жалғасады.
Айта кетейік, Нью-Йорк билігі бұл оқиғаны лаңкестікпен байланыстырмайтынын мәлім етті.