Оқиға кеше сағат 8:35 шамасында Дүйсенбин көшесінде болған. Ақпаратты облыстық ІІД растады.
''Жол-көлік апаты орнына жедел-із кесу тобы шықты. Белгілі болғандай, 22 жастағы полиция қызметкері 33 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызын соғып кеткен. Ауыр дене жарақаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Ал мектеп оқушысы аудандық ауруханаға жеткізілді'',- деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь ''ҚазАқпарат'' тілшісіне.
Полицейдің қызметтік көлік мінгені және көлік жүргізу құқығын растайтын құжатының болмағаны анықталды. Қазір ол Арқалық қаласы ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.