«2014 жылдың 3 қаңтарында түнгі уақытта Алматы аудандық прокурорының көмекшісі Шыңғысов М.М. өз көлігімен түнгі кезекшіліктен үйіне қайтып келе жатып Ақпанов Ж. есімді жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші ауруханада көз жұмды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы бойынша Астана қалалық ІІД қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Астана қалалық прокурорының бұйрығымен аталған аудан прокурорының көмекшісі қызметтік міндеттерінен шеттетіліп, орын алған жол-көлік апаты бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», - дейді қалалық прокуратурадағылар.