Ақмола облысының прокуратурасы Атбасар қаласында В.Митрофанованың өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қозғалған істі зерттеді. Онда анықталғандай, күдіктінің қылмысы кішігірім ауыр қылмыстың қатарына жататындықтан әрі кәмелеттік жасқа толмаған 5 баланы асырап отырғандығы ескеріліп босатылған.
«Тергеу амалдары барысында күдіктінің зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына оқиға болған жерден қашып кеткені анықталды. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша қосымша соталды іс қозғалды. Сонымен қатар күдіктінің осыған дейін адамның денсаулығына ауыр залал келтіргені және жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны белгілі болды», - деп түсіндірді прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Іс материалында көрсетілген осының барлығын ескере келе, күдіктіге 12 сәуірде бұлтарпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс прокуратураның бақылауына алынды.