«Жайық» клубы Орталық Азия чемпионатының финалына шықты

Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында Оралдың «Жайығы» бүгін Қырғызстанның «Бішкек» командасымен шеберлік байқасты.

Осыған дейін турнир кестесінде қырғызстандық команда 11 ұпаймен көш бастаса, «Жайық» (10 ұпай) екінші орында еді. Непалдың «Help SC» 8 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұрған болатын.
Виктор Козик жаттықтыратын батысқазақстандықтар кеше непалдық командаға есе жібергендіктен, финалға шығу үшін бүгін жеңіс керек еді. Бұл міндетті «Жайық» командасы толық орындап, «Бішкекті» 3:0 есебімен ұтты.

Осылайша, финалға жолдама алған оралдықтар ертең осы «Бішкек» клубымен алтын медаль үшін таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» клубының Орталық Азия чемпионатында Непал командасына есе жібергенін жазған едік.