«Қазіргі уақытта Жылой ауданында 30 738 тұрғын, оның ішінде 8 382 бала эвакуацияланған. Жалпы, бұл ауданда оң динамика байқалады. Әр ауданда судың 5 және 20 см-ге тартылуы білінеді. Жалпы, Жылыой ауданында су тасқыны жағдайы сақталып тұр. Сондықтан шығынды есептеу және өтеу жұмыстары жағдай тұрақталып, су кеткен соң басталады», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндгі брифингте.
Оның атап өтуінше, Қазгидромет мәліметіне сәйкес, Индербор ауылы тұсында жайық өзені суының көтерілу деңгейі — 21, Махамбет тұсында — 37, ал Атырау қаласында 27 см-ге жетіп отыр.
Сондықтан да өзен жағалауларын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«10 сәуірдегі дерекке сәйкес, 58 шақырым дамба тұрғызылды. Қазіргі уақытта 820 техника жұмылдырылған. Техника саны күн сайын артып келеді. Мәселен, 9 сәуірде 680 техника жұмылдырылған еді. 7 мыңға жуық ерікті мен мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеп жатыр. Махамбет ауданында да жағалау нығайтылуда. Бүгінде 42 шақырым дамба жөнделіп, нығайтылды. 12,8 шақырым дамба тұрғызылды. Бұл жұмысқа 3,5 мың ерікті мен 208 техника тартылған. Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі — 4,66 см. Жағалауды нығайтуға 82 техника мен 632 жұмыс жұмылдырылған», — деді Руслан Жұмағазиев.