Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 13 989 адам эвакуацияланды. Оның 5782-сі – балалар. Соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 4 см-ге төмендеп, 8 м 55 см-ді болып отыр. Ал қауіпті деңгей 8 м 50 см екенін атап өткен жөн.
«Облыста жағдай тұрақты. Су деңгейінің төмендеуі байқалады. 27-28-сәуір күндері су өзінің қауіпті деңгейінен түседі деген болжам бар. Облыста халықты эвакуациялау, құлақтандыру, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр», - деді БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.