Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асты
ОРАЛ. KAZINFORM — Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 862 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады.
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Көшімде 18 сантиметрге көтеріліп, 851 сантиметрге жетті. Қауіпті шектен (850 см) 1 сантиметрге асып тұр. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 521 сантиметрді ( 7) көрсетті.
Есесіне Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 сантиметрге түсті. Мұнда қазір – 900 сантиметр (қауіпті шегі – 1 250 см). Көшім каналында да 1 сантиметрге төмендеу (823, қауіпті шегі – 800 см) байқалады.
Шаған өзені Чувашин ауылында 9 сантиметрге көтерілді (740 см, қауіпті шегі – 1 300 см).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын су басқан аумақтарды қалу қауіпті екендігін жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).