Жайық өзеніне ерекше мемлекеттік мәртебе қашан беріледі

Фото: Фото: Ғайсағали Сейтақ/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Жайықтың неге әлі күнге дейін ерекше мемлекеттік маңызы бар өзен-көлдер қатарына қосылмай жатқанын түсіндірді.

- Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының тізіміне қашан қосасыздар, - деп сұрады Дүйсенбай Тұрғанов.

Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, ведомство мамандары Жайықтың мәртебесін айқындау ұсынысын ғылыми тұрғыда негіздеп үлгермей жатыр.

- Жайық өзеніне айрықша мәртебе беру туралы қаулы жобасын дайындағанбыз. Бірақ бір-екі зерттеу қажет болғандықтан негіздеме жасау үшін мәселе шешімін таппай жатыр. Алайда қазір Жайық суын тиімді пайдаланудың жол картасы аясында зерттеулер аяқталуға жақын қалды. География және су қауіпсіздігі институты жасап жатыр. Соның негізінде Жайыққа ерекше қорғалатын су нысандарының тізіне енгіземіз, - деді вице-министр.

Айта кету керек, Каспий мәселесін шешу аясында Қазақстан Ресейге Еділ суын бірлесіп реттеу туралы ұсыныс жасамақшы.