«Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда. Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда», - деді А.Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде.
Жайық өзені бойында су тасқынын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін броньнан шығарылған жылжымалы сорғы станцияларын қолдану арқылы су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 633 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.