Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды.
«Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд теңге өндірілді.
Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді.
Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд теңгеге толықтырды, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС 38 млрд теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді», — деп жазды ведомстводан.
Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн теңгені құрады, қазіргі уақытта өтеу сатысында.