Жайықтың суы бесінші күн қатарынан үздіксіз көтеріліп жатыр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында Жайықтан келген суға қарсы жұмыс жалғасып жатыр.

Фото: видеодан алынған кадр

Су тасқынына қарсы үйінді бөгеттер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді.

Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп отыр. 

ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, бөгеттерді көзбен шолып тексерді.

Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су үздіксіз келіп жатыр. 

Қазгидрометтің гидрологиялық мониторинг деректеріне сенсек, 12 мамыр сағат 09:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейі мынадай:

Атырау — 538 см. Тәулігіне 5 см.

Индербор ауданы — 1033 см. Тәулігіне 7 см.

Махамбет ауданы — 955 см. Тәулігіне 16 см. 

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей межеден асып түсті.

Одан әрі артады деп күтіліп отыр.