— «Жайлау» бағдарламасы бойынша 350 млн теңгеге дейін қаржы қарастырылған. Соның 85%-ына «Даму» қоры кепілдік береді. Бұл қаржыға қора, мал алуға болады, — деді Бахтияр Өтелбаев.
Оның сөзінше, бағдарлама отбасылық шаруашылық құрып, мал өсіруге мүмкіндік береді. Несие жеті жылға беріледі, ал төлем екі жылдан кейін басталады.
— Несиені жеті жылға аласыз. Екі жылдан кейін төлей бастайсыз, — деді ол.
Өтелбаев шаруашылық ашқысы келетіндер үшін кепіл мүлкі мәселесіне де тоқталды.
— Мысалы, 350 млн теңге алу үшін кепіл көрсету керек. Ал менде ондай кепіл жоқ делік. «Даму» кепілдік беріп отыр. Сонда қалған 15%-ына ауылдағы үйіңізді, қораңызды есептеп, кепілге қоя аласыз. Бұрын бұл үлкен мәселе еді. Қазір ол да шешіліп отыр, — деді фермер.
Бұған дейін Абай облысында фермер мал жаюды автоматтандырғанын жазған едік.