«Жобаның бірінші кезеңінде 208 мектепті жобалап, салып, жабдықтап, қолданысқа беру көзделген. Білім ордалары 2024 жылдың соңына дейін есіктерін айқара ашады», — деп атап өтті компаниядан агенттіктің ресми сауалына орай.
Осы орайда компания Астана мен басқа қалалардағы 2 000 балаға арналған мектеп құрылысына шамамен қанша қаржы жұмсалатындығы әлі нақтыланбағандығын атап өтті.
«Мектептерді жобалауға, салуға және жабдықтауға жұмасалатын қаржының көлемі жобалық-сметалық құжаттама „Мемсараптама“ РМК қортындысын алғаннан кейін нақты белгілі болады. Бұл туралы қосымша баяндалады», — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тан.