«Алматыда тұрамыз бүгін Дохаға ұшып барамыз.Балаларымызды оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтайық деп шештік. Біз жаңа терминалдың алғашқы жолаушылары болдық. Жаңа, салқын, әдемі, таза. Бұл өте жайлы. Орын көп, ыңғайлы. Көп рахмет. Біздің қаламыздағы мұндай жайлы жерлер тұрғындар үшін көбірек болады деп үміттенемін», - деді Алматы-Доха рейсінің жолаушысы Евгения Куфельдт.
Алматылық Нұрлан Мырзагүлде отбасымен бірге Дохаға жол тартты.
«Біздің ұшуымыз екінші терминал әуежайының ашылуымен сәйкес келді. Өте бақыттымыз. Әуежай өте керемет,ұнады. Барлығы сыпайы, жақсы. Ешқандай кезек жоқ. Дизайн керемет, салқын, шетелдік, еуропалық үлгіде. Бәрі ыңғайлы», - деді ол.
Лондон-Алматы рейсінің жолаушысы Карлос Сантос Алматыға демалыс күндері туыстарымен бірге ұшып келді. Бұл оның біздің қалаға алғашқы сапары, ал алғашқы әсер ұмытылмастай болды.
«Өте әдемі, барлық керемет, жақсы қарсы алды. Естелікке сыйлықтар берді. Бұл өте керемет. Мен мұндай қонақжайлылықты күтпедім. Мен әуежайларда мұндайды әлі кездестірген емеспін», - деді турист.
Айта кетейік, бүгін Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады.
31 мамыр күні Алматыға жұмыс сапарымен келген Президент Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көрген болатын.
Бұған дейін, мегаполистегі әуежай ғимаратын жаңарту кезінде тарихи құрылымы сақталатыны туралы жазған едік. Айта кетейік, әуежай өткен ғасырдың 30-жылдарында ерекше сәулеттік стилімен салынған бірегей нысан.
Сондай-ақ заманауи дизайнмен қайта жаңартылған нысанға 200 млн доллар инвестиция тартылғаны туралы айтқан болатынбыз.
Еске салайық, 2020 жылы Алматы әуежайы түрік компаниясын 415 миллион долларға сатылған еді.