Бағдарлама бойынша келесі жылы 15 мектептің құрылысы басталады.
«Президент дәстүрлі Жолдауында білім мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мектеп құрылысы облыс әкімдерінің жауапкершілігіне жүктелгенін айтқан болатын. Аймақ басшылары жыл соңына дейін салынып жатқан білім ордаларының жері мен инфрақұрылымына қатысты мәселелерді шешіп, мемлекеттен бөлінген қаржыға жауапты болуы тиіс», - деді Маңғыстау облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.
Жалпыұлттық жоба өңірдегі үш ауысымда оқыту мәселесін шешпек.
Өйткені қазір Маңғыстау облысында 15 мектеп әлі де үш ауысымда жұмыс істейді. Ал тағы екеуі – апатты жағдайда. Айта кетейік, Маңғыстау өңірі демографиялық көрсеткіш бойынша көш басында тұр. Сондықтан жаңа мектептерге сұраныс бар.