Жайна Шекербекова бокстан әлем чемпионаты ширек финалы жолдамасына ие болды

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 11 наурызда Жайна Шекербекова (54 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі доданың үшінші жарыс күнінде ол 1/8 финалда мексикалық Ариадна Жанет Хиль Алонсоны тізе бүктірді. Есеп — 5:0.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) ¼ финалға жолдама алды.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Жасмин Қизатова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарымен қолғап түйістіреді.

Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.

Алдағы күндері Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі) сынға түседі.

Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі) 1/16 финалда мексикалық Патино Хуарезге есе жіберді.