АСТАНА. KAZINFORM - Ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионатында шымкенттік Жайна Шекербекова (54 келі) алтын медаль алды.
Ақтық сайыста ол Шымкент қаласының тағы бір боксшысы Элина Базаровамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Жайна ширақ қимыл көрсетті. Қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетсек, Жайна Шекербекова әлем чемпионатында 2018 жылы күміс алса, 2016, 2922 жылдарда қолаға қол созды.
Ал 2010, 2022 жылдары Азия чемпионы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын әйелдер арасында қос дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілген еді.
Сондай-ақ қарағандылық Анита Адишева 52 келі) шымкенттік Жансая Рахымбердімен ақтық сында басымдық танытты.
Ел біріншілігінде 50 келіде финада Алуа Балқыбекова (Алматы) Гүлнар Тұрапбайдан (Қарағанды облысы) айласын асырып, ел чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.