Жәйрем тау-кен байыту комбинатында жұмысшылар жарақаттанды - ҚР ТЖМ

Фото: None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Жәйрем тау-кен байыту комбинатында жұмысшылар зардап шекті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

28 мамыр күні Қарағанды облысында «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ-ның оттегілі-компрессорлық стансасында Дьюара (азот) ыдысының жарылуы болды.

Салдарынан 20 жастағы аппаратшы және машинист түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.