Жайсыз ауа райына байланысты Өскемен-Алматы бағытындағы жолдардағы қозғалыс жабылды

None
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жайсыз ауа райына байланысты бейсенбі, қаңтардың 14-і күні таңғы сағат 8-ден бастап Өскемен-Алматы бағытындағы жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды,

деп хабарлады төтенше жағдайлар басқармасынан.

Өскемен-Алматы тас жолының 977- 1054-ші шақырымдарында, Ұлан көпірінен Қалбатауға дейінгі аралықта көлік қозғалыстарына тыйым салынып отыр.