РАЛ. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жайық өзені бойымен XIV қазақстандық-ресейлік тарихи-мәдени экологиялық экспедиция мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО-ның Бөрлі ауылында басталған жорықтың негізгі бөлігі Орынбор облысы аумағында ұйымдастырылды. Мұнда жорыққа қатысушылар 95 шақырымға созылған Ириклин су қоймасынан Орск қаласына дейін қайықпен жүзіп өтті. Шараға екі елдің туристері мен өлкетанушылары, спортшылары, ғалымдары мен жазушы-журналистері, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мен Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған су жорығы кезінде өзен бойындағы елді мекендер тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өткізілді. Қатысушылардың бәрі де Жайықтың суы тайыздалып, балық қоры азайып, қоқысқа толы өзен жағасы ластанғанып бара жатқанын көздерімен көріп, жүректеріне түйді.
Экспедиция жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенконың атап өткеніндей, Жайықты құтқарып қалу үшін күш біріктіріп, шұғыл шаралар алу қажет.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).