Жайық өзенінде қуаттылығы 40 аттың күшінен асатын кемелердің жүзуіне тыйым салынды - прокуратура

None
АТЫРАУ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзені бойынша жүзетін кемелердің иелері айлақ құруға немесе кемелер мен  яхталарды және катерлерді арнайы тұрақта сақтауға міндетті.

«Биыл Орал-Каспий табиғи байлығын қорғау міндеті кіретін үйлестіру кеңесінің мәжілісінде өткен жылдарға қарағанда басқаша қызмет ету шешімі қабылданды. Біріншіден, бұл жаңа тәртіп тек қозғалысқа ғана емес, сондай-ақ Жайық өзенінде пайда болған көптеген жүзу кемелерінің сақталуына байланысты», - дейді Атырау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Аршат Тайтуллин.

Мәселе Жайық өзенінің жағасында тұрған көптеген кемелер мен байдаркалар жайында болып отыр. Табиғатты қорғау прокуратурасымен өткізілген рейдтің бір күнінде заңсыз сақталған осындай жүзу кемелерінің 20 шақтысы анықталды. Олардың барлығы айыппұл тұрағына жіберілді.

«ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу қосынында режімді қамтамасыз ету және жүзу кемелерінің қозғалысы, жазылу мен есептің реттелуі туралы» Атырау облысы әкімдігінің шешімімен меншік түріне қарамастан өнеркәсіптер мен мекемелер, ұйымдар белгіленген тәртіп бойынша қажетті кемежай, айлақ пен тұрақтайтын орынды қамтамасыз етулері тиіс», - деді А. Тайтуллин.  

 «Сонымен қатар біздің өзеніміздің ерекшелігін ескере келе, Жайық бойынша қуаттылығы 40 аттың күшінен асатын кемелер үшін жүзуге тыйым салынды», - деп ақпараттандырды А. Тайтуллин.