«ТЖ бүгін түнде болған. Дамба кенті аумағында Жайық өзенінің үстімен өтіп бара жатқан мотоцикл мұз астына түсіп кеткен. Рульде отырған кенттің 27 жастағы тұрғыны мұздың астынан шыға алмай қалған. Оның мәйіті табылды. ТЖ қайғылы оқиға деп тіркелді», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мотоциклдің түнде өзенде не үшін жүргені тергеу барысында анықталады.