Жайық өзеніндегі судың жылдық көлемі 3 есе азайды
16:45, 02 Қараша 2009
АТЫРАУ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Соңғы жылдары Жайық өзеніндегі судың көлемі 11,4 млрд. текше метрден 3,7 млрд. текше метрге дейін азайды.
«Батыс Қазақстан облысы аумағына дейінгі ағыс бойында орналасқан Ресей Федерациясының аймақтары Жайық өзеніне қосылатын судың бір бөлігін байлап алады. Нәтижесінде Атырау облысының үлесіне небәрі 200 миллион текше метр ғана су қалады», - дейді облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол Қуанов.
Е.Қуановтың айтуынша, өзен деңгейі төмендеуінің негізгі себебі - Ерікті су қоймасынан келетін судың қысқаруы. Ол жақтан жыл сайынғы көлемнің небәрі 30 пайызы ғана түседі. Жақында ресейліктер өздерінің қазақстандық әріптестерін су жіберуді тағы үштен бірге қысқартатыны туралы хабардар етті. Тек келіссөздер жүргізілгеннен кейін ғана суды өткізуді бұрынғы деңгейінде қалдыруға қол жеткізілді.