деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Бұған дейін хабарланғандай, наурыздың өткен 18-і күні кешқұрым Атырау облысының Индер ауданына қарасты Индербор елді мекенінде мұз үстінде ойнап жүрген 11 жастағы екі бала су астына кетті. Біреуінің денесі судан сол күні шығарылса, екінші баланың мәйітін Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдағы 6 маманы мен 2 техникасының күшімен бір тәуліктен кейін іздеп табу мүмкін болды.
Сондай-ақ ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, наурыздың 18-і күні Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш өзенінде осындай тағы бір жағдай орын алды. Жарылған мұз астына түсіп кеткен 52 жастағы азаматтың денесі келесі күні табылды.