Жайық өзенінің жағалауынан артиллериялық снаряд табылды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің жағалауынан жергілікті тұрғындар артиллериялық снаряд тапты,

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің жағалауынан жергілікті тұрғындар Чапаев ауылынан 700 метр қашықтықтықта ұзындығы 32 см, диаметрі 7 см болатын артиллериялық снаряд тапты.

Оқиға орнын аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше қоршауға алды.