Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы мақсатқа 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Тереңдетілетін аумақтың жалпы ұзындығы – 214 км.
«Жайық өзенін, Құрманғазы, Жарқосын, Яицкий каналдарын тереңдету жұмыстарын жүргізудің мақсаты – балық қорын сақтау, балықтың табиғи өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау» - деді аймақ басшысы.
Қазірге дейін 91,1 км аумақ тереңдетілген. Жұмыстар биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге қарастырылған.